09.11.2015, 11:21 4042

Жалған мөрлер мен даташтамптар

Соӊғы 4 тәуліктіӊ ішінде ғана шекарашылар төлқұжаттарына даташтампты қолдан жасап қойып алған 6 адамды, миграциялық полицияныӊ мөрін қолдан жасап қойып алған 10 адамды ұстады. Бұл ҚР Қылмыс кодексініӊ 385 бабымен жазаланатын қылмыс болып табылады

Астана. 9 қараша. Kazakhstan Today - Соӊғы 4 тәуліктіӊ ішінде ғана шекарашылар төлқұжаттарына даташтампты қолдан жасап қойып алған 6 адамды, миграциялық полицияныӊ мөрін қолдан жасап қойып алған 10 адамды ұстады. Бұл ҚР Қылмыс кодексініӊ 385 бабымен жазаланатын қылмыс болып табылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

5-8 қараша аралығында ҚР ҰҚК ШҚ Оӊтүстік өӊірлік басқармасыныӊ Сарыағаш шекара отрядына қарасты "Қазығұрт авто", "Жібек жолы авто", "Қапланбек авто"; "Жағалау күзеті" өӊірлік басқармасыныӊ "Құрманғазы авто", Ганюшкино теміржол"; "Батыс" өӊірлік басақармасыныӊ "Бейнеу теміржол" көліктік-шекаралық бақылау бөлімшелерінде, Астана қаласыныӊ халықаралық әуежайында әртүрлі шекаралық бақылау бөлімшелерініӊ даташтамптарын қолдан жасап қойып алған 6 адам (4 өзбекстан азаматы, 2 тәжікстан азаматы) ұсталса, әртүрлі қалалардыӊ миграциялық полиция бөлімдерініӊ мөрлерін қолдан жасап басып алған 9 өзбекстан азаматы, 1 молдова азаматы ұсталды. Бұлар Астана, Қарағанды, Шымкент қалаларыныӊ, Жамбыл облысы Шу ауданыныӊ миграциялық полиция бөлімдерініӊ мөрлерін қолдан жасап, қойып алған.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны