04.07.2014, 20:17 3656

"Жалын" олимпиадалық резерв мектебінің үшінші жазғы ауысымы өткізілді

Павлодар облысында "Ертіс дарыны" аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығының "Жалын" олимпиадалық резерв мектебінің үшінші жазғы ауысымы өткізілді.

Алматы. 4 шілде. Kazakhstan today. Павлодар облысында "Ертіс дарыны" аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығының "Жалын" олимпиадалық резерв мектебінің үшінші жазғы ауысымы өткізілді.

Ең үздік оқушылар түрлі ғылым саласында білімдерін жетілдіруді демалыс пен алмастырды. Білім беру басқармасының болашақ ұрпақ тәрбиесіндегі басты мақсаты зияткерлік, шығармашыл әлеуетті қалыптастыру болып табылады. "Жалын" олимпиадалық резерв мектебінің жұмысына облыстық пән олимпиадасының І, ІІ және ІІІ орын иегері атанған 130 оқушы қатысты, деп "Дарын" РҒПО хабарлады.

Үшінші ауысым 10 пән бойынша жұмыс атқарды: қазақ тілі және әдебиет, қазақ тілі орыс мектебінде, орыс тілі және әдебиет, орыс тілі қазақ мектебінде, математика, физика, география, биология, Қазақстан тарихы және құқық негіздері.

"Жалын" олимпиадалық резерв мектебінің сабақ кестесіне сәйкес әр пәнге 24 сағат жоспарланды. Олимпиадаға дайындық жұмыстарын жүргізуге жергілікті жоғары оқу орындарының ғалымдары және дарынды балаларға арналған мектептерінің пән мұғалімдері шақырылды.

Халық даналығы айтқандай "Дарынға дархан жол" демекші ұрпақтарын білімге жетелеген облысымыздың белгілі ғалымдары мен дарынды балаларға арналған мектеп ұстаздары оқушыларды білімге жетеледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны