30.05.2007, 18:14 3002

Жалпықылмыстық әрекеттер үшін өлім жазасын алып тастау алқа билер туралы заңға өзгерістер енгізуді талап етеді - Конституциялық кеңес төрағасы

АСТАНА. 30-мамыр. Kazakhstan Today. Жалпықылмыстық әрекеттер үшін өлім жазасын алып тастау "Алқа билер туралы" заңға өзгерістер енгізуді талап етеді. Бүгін "Конституциялық реформа және Қазақстандағы демократиялық процестерді тереңдету" тақырыбындағы бас қосу барысында Конституциялық кеңес төрағасы Игорь Рогов осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Қылмыстық-процессуалдық кодексте және "Алқа билер туралы" заңда айтылғандай, алқа билердің қатысуымен өтетін сот өндірісі өлім жазасы қарастырылған істер бойынша жүзеге асырылады деп көрсетілген. Олай болса, ендігі жерде лаңкестік пен әскери қылмыстары үшін айыпталғандар өздеріне қатысты істің алқа билердің қатысуымен қаралуын талап ете алатын болғаны ма?",- деген сауал тастады И.Рогов.

"Сол себепті бұл жерде алдағы уақытта алқа билер сотының тек өлім жазасы ғана емес, сонымен бірге өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған істеді қарауға да қатыса алу мүмкіндігін ескеру қажет деп ойлаймын",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны