22.08.2007, 15:50 2899

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы халықтық фронт құру жайын өз құрылтайында талқылауды жоспарлауда

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы алдағы құрылтайда халықтық фронт құру жайын талқылауды жоспарлауда. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының астаналық бөлімшесінің төрағасы Серікбай Илібаев мәлім етті.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 22 - тамыз. АСТАНА. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы алдағы құрылтайда халықтық фронт құру жайын талқылауды жоспарлауда. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының астаналық бөлімшесінің төрағасы Серікбай Илібаев мәлім етті, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.

"Жармақан Тұяқбай ресейлік журналистерге берген сұхбатында халықтық фронт құру арқылы оппозициялық партиялар мен оппозициялық көзқарастағы азаматтардың консолидациялық күшін нығайту қажеттігі туралы айтты",- деді С. Илібаев.

Сонымен қатар, ол халық фронтын құру туралы мәселенің Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның алдағы құрылтайында қаралатындағын да атап өтті. "Жақын арада біз құрылтай өткізуге тиіспіз, сонда алқалы түрде шешім қабылданады",- деп қосты С. Илібаев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны