09.02.2015, 20:54 3944

Жамбыл облысында 10 адам ажал құшқан жол апаты оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды

Жамбыл облысында болған жол-көлік апатыныӊ фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады "ҚазАқпарат" тілшісіне аймақтыӊ ІІД-нен

Жамбыл. 9 ақпан. Kazakhstan Today - Жамбыл облысында болған жол-көлік апатыныӊ фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады "ҚазАқпарат" тілшісіне аймақтыӊ ІІД-нен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жол апаты Жамбыл облысындағы "Алматы-Астана" күре жолыныӊ 394-ші шақырымында орын алған. Астанаға жол жүріп келе жатқан "Ванхул" автобусыныӊ аударылуы салдарынан он адам оқиға орнында мерт болды. Тағы үшеуі Приозерскі ауруханасына жеткізілді. Жол апатына көктайғақ себеп болған, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Алдын ала мәліметтер бойынша, автобусты Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ тұрғыны басқарған. Ол уақытша ұстау абақтысына қамалды. Қазіргі уақытта жол апатыныӊ себебі анықталу үстінде, бірқатар сот сараптамалары тағайындалды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны