22.05.2008, 20:27 2933

Жамбыл облысында 2008 жылдың төрт айы ішінде 314 үй тұрғызылды

Жамбыл облысында 2008 жылдың төрт айы ішінде 314 үй тұрғызылды

Тараз. 22 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Жамбыл облысында 2008 жылдың төрт айы ішінде 314 үй тұрғызылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі облыстық әкімдігіне сілтеме жасай отырып.

Жамбыл облысында 2008-2010 жылдарға арналған аймақтық тұрғын үй құрылыс бағдарламасы бекітілді. Бағдарламаның негізгі мақсаты мемлекеттік-жеке меншік серіктестікті қолдау, жеке тұрғын үй құрылысын дамыту, сондай-ақ құрыстар жүргізілетін аудандардың инженерлік-коммуникациясын жетілдіру.

Бағдарлама аясында 689,1 мың шаршы метр баспананы пайдалануға беру жоспарланған, соның ішінде 29,9 мыңы жалға берілетін үйлер, 37,5 мың шаршы метр ипотекалық баспана болады. Сондай-ақ, басқа қаржы көздерінен 621,7 мың шаршы метр тұрғызылады. Жаңа пәтерлерді 7 мың от- басы алатын болады.

Бағдарлама аясында бұл үйлер Таразда және басқа аудан орталықтарында тұрғызылады. Бұл мақсаттарға 23,6 млрд теңге жұмсалады, оның 7,8 млрд биылғы жылы игерілетін болады.

Икімдікте хабарлағанындай, жалға берілетін үйлердің құрылысына (1,36 млрд теңге) және құрылыс жүргізілетін аудандардың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарына (3,7 млрд) республикалық бюджеттен трансферттік қаржы бөлінеді.

Соңғы жылдары Жамбыл облысында жеке меншік құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде. Биылғы жылдың төрт айы ішінде 38,2 мың шаршы метр 314 жеке меншік үй пайдалануға берілді. Сонымен бірге 1 мамырда жер телімін бөліп беру жөнінде тұрғындардан келіп түскен 56 561 өтініштің 15 527 ғана қанағаттандырылды. Қалғандары жер учаскелердің жоқтығынан тіркеуге қойылды.

Тараз қаласында жеке құрылыстарды жасау үшін жер учаскелерімен қамтамасыз ету мәселе өзекті болып отыр. Қазір жер теліміне зәру болып отырған 37 246 азамат тіркелген. Бұл тізімде тұрғандардың 90,8 пайызын құрайды.

Кезектегі тұрғандардың бәрін жер телімдерімен қамтамасыз ету үшін Таразда облыстық орталығын кеңейту жөніндегі жобасы дайындалды. Онда қарастырылғандай қала маңындағы Байзақ және Жамбыл аудандарының жері есебінен облыс орталығы 5953,8 гектарға кеңейтіледі. Облыс әкімдігінің "Тараз қаласының Байзақ және Жамбыл аудандарының шегарасын өзгерту жөніндегі " 2007 жылдың 17 шілдесінде шығарған қаулысы облыстық мәслихатының сессиясында қабылданды.

Облыстық аумақты кеңейту жөніндегі жоба тиісті орталық органдарымен келісіліп, Қазақстан Республикасы үкіметінің отырысында қарастырылды. Онда жобаны Тараз қаласының бас жоспарымен бірге бекіту жөнінде шешім шығарылып, қазіргі уақытта ол мемлекеттік органдарының қарастырылуында жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны