08.11.2012, 17:33 2723

Жамбыл облысында 2020 жылға дейін индустриалдық паркке 2,5 миллиард доллар инвестиция тартылмақ

Жамбыл облысында ашылатын еркін экономикалық аймақта 2020 жылға дейін 16 өндіріс орны ашылады. Бұл туралы бүгін М. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде өтіп жатқан "ТаразИнвест 2012" форумында айтылды.

Астана. 8-қараша. Kazakhstan Today - Жамбыл облысында 2020 жылға дейін индустриалдық паркке 2,5 миллиард доллар инвестиция тартылмақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Жамбыл облысында ашылатын еркін экономикалық аймақта 2020 жылға дейін 16 өндіріс орны ашылады. Бұл туралы бүгін М. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде өтіп жатқан "ТаразИнвест 2012" форумында айтылды.

"Тараз химия паркі" арнайы экономикалық аймағы жобасын Шу ауданында жүзеге асыру жоспарланып отыр. 2020 жылға дейін онда 16 өндіріс орны ашылып, 2,5 миллиард доллар инвестиция тартылмақ. Онда 2300 адамға жұмыс орны ашылады. Бұл ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен ықпал ететін болады", - дейді "Біріккен химиялық компания" ЖШС-нің Басқарушы директоры Юрий Анощенко. Оның айтуынша, индустриалдық парк жұмысының басым бағыттары химия өнеркәсбі өнімдерін, резина, пластмасса құралдарын, металл емес минералды өнімдер және химия өнеркәсібіне арналған құрал-жабдықтар өндіру.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны