07.03.2012, 10:31 3588

Жамбыл облысында 30 ауланы су басып, 150 адам қауіпсіз жерге көшірілді

Тараз қаласының ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 5 наурыз күні күннің жылуына байланысты Жамбыл облысы Талас ауданы Бөлтірік шешен ауылында 30 ауланы еріген қар суы басып қалды.

Тараз. 7-наурыз. Kazakhstan Today - Жамбыл облысында 30 ауланы су басып, 150 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Тараз қаласының ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 5 наурыз күні күннің жылуына байланысты Жамбыл облысы Талас ауданы Бөлтірік шешен ауылында 30 ауланы еріген қар суы басып қалды.

Ведомства мәліметіне қарағанда, ауылда 124 тұрғын үй бар, халық саны 1200 адамды құрайды.

"Су басқан аймақта қалған аулалардан 150 адам (оның 73-і бала) көшіріліп, осы ауылдағы судан аман үйлерге қоныстандырылды", - делінген хабарламада.

Оқиға орнында аудан әкімі А.Қарабалаев пен облыстың ТЖД бастығы Ж.Шахабаев басшылық ететін ТЖ зардаптарын жою штабы құрылды.

Жұмыстарды жүргізуге 42 дана техника жұмылдырылды, оның 29-ы инженерлік және арнайы техника.

Шараны атқаруға 370 адам тартылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны