15.01.2009, 16:50 3001

Жамбыл облысында 381 елдімекеннің тек 15,2% ғана газдандырылған

Жамбыл облысында 381 елдімекеннің тек 15,2% ғана газдандырылған

Тараз. 15 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Жамбыл облысында 381 елдімекеннің тек 15,2% ғана газдандырылған. Табиғи газды барлығы 89 мыңнан астам тұтынушы ғана тұтынады. Бұл туралы облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бас маманы Исел Тыналиева Қазақстан Бүгін тілшісіне хабарлады.

"Жалпы алғанда "Жамбыл облысын газбен қамтамасыз ету жөніндегі 2007-2010 жылдарға арналған кешенді бағдарламада" 2015 жылға дейін облыстағы 140 елдімекенге газ құбырын тарту жоспарланған", - деді ол.

2009 жылы 4 елдімекенді газдандыруға облыстық бюджеттен 243 млн теңге бөлу қарастырылуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны