07.10.2015, 18:23 4224

Жамбыл облысында 4 жасар баланы зорлап, өлтірген ер адам өмір бойы бас бостандығынан айырылды

Жамбыл облысыныӊ қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында 4 жасар баланы зорлап, өлтіргені үшін айыпталған Т.Ізбақиевке қатысты қылмыстық істі қарау аяқталып, сот үкімі шықты. Бұл туралы облыстық прокуратураныӊ баспасөз қызметінен хабарлады

Астана. 08 Қазан. Kazakhstan Today - Жамбыл облысыныӊ қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында 4 жасар баланы зорлап, өлтіргені үшін айыпталған Т.Ізбақиевке қатысты қылмыстық істі қарау аяқталып, сот үкімі шықты. Бұл туралы облыстық прокуратураныӊ баспасөз қызметінен хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Алматы облысыныӊ тумасы, Меркі ауданындағы Ақермен ауылында тұрған Қырғызстан Республикасыныӊ 55 жастағы азаматы Тұрсынжан Ізбақиев балаға қарсы аса ауыр қылмыс жасаған: 2015 жылдыӊ 16 мамырында күндіз Ізбақиев Т. балалардыӊ ойын алаӊында жалғыз өзі ойнап жүрген, көрші тұратын 4 жасар О.есімді баланыӊ қасына барып, оныӊ әлсіздігі мен қасында ешкімніӊ жоқ екенін пайдаланып, қолымен баланыӊ бетінен бір соғып, есінен тандырған. Одан кейін баланы өз үйіне әкеліп, бүлдіршінге қатысты сексуалдық сипаттағы зорлау әрекеттерін жасаған", - делінген қадағалау органы баспасөз қызметініӊ ресми хабарламасында, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

"Одан кейін Ізбақиев Т. қылмысын жасыру мақсатымен кішкентай О-ны өлтіруді шешкен. Сол үшін оӊ жақ қолымен баланыӊ тыныс алу жолдарын жауып, тұншықтырып өлтірді. Жасаған қылмысын түсінген Ізбақиев кішкентай баланыӊ денесін ауласында тұрған жұмыс істемейтін тоӊазытқышқа жасырған. Баланыӊ мүрдесі бір айдан соӊ табылды", - деп хабарлайды облыстық прокуратураныӊ баспасөз қызметінен.

Қылмыстыӊ қоғамда үлкен шу шығарғанына байланысты Ізбақиевқа қатысты қылмыстық істі Жамбыл облысыныӊ прокуратурасы тергеді.

Мемлекеттік айыптаушыныӊ ұсынысы қолданып, Ізбақиев ҚР ҚК-ніӊ 121-бабыныӊ 4-бөлімі (кәмелеттік жасқа жетпегенге қатысты сексуалдық сипаттағы зорлау әрекеттерін жасау), 99-баптыӊ 2-бөлімі (қылмысты жасыру үшін, әлсіз жағдайда болған адамды өлтіру) бойынша Жамбыл облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотыныӊ үкімімен толықтай айыпты деп танылып, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Процесс жабық сот отырысында өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны