15.10.2018, 15:22 7187

Жамбыл облысында "7-20-25" мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жұмыстар жөнінде жиналыс өтті

Жамбыл облысы әкімдігінде өӊір басшысы Асқар Мырзаxметовтыӊ төрағалығымен "7-20-25" мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жұмыстар жөнінде жиналыс өтті

Тараз. 15 қазан. Kazakhstan Today - Жамбыл облысы әкімдігінде өӊір басшысы Асқар Мырзаxметовтыӊ төрағалығымен "7-20-25" мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жұмыстар жөнінде жиналыс өтті.

Қазіргі таӊда облыста 23258 адам тұрғын үй кезегінде тұр. Оныӊ ішінде Ұлы Отан соғыс ардагері - 4, жетім және қамқорлықсыз қалған балалар - 2737, xалықтыӊ әлеуметтік осал тобы - 13170, бюджеттік сала қызметкерлері - 7345, үйі апатты деп танылған - 2 адам. Бұл көрсеткіш жыл басында 21683 адамды құраса, осы уақытқа дейін 1372 адам тағы кезекке тіркелген. Яғни кезекке тұрғандардыӊ өсім динамакасы қарқынды.

Кезекке тұрғандарды тұрғын үймен қамту - маӊызды мәселе десек, ағымдағы жылы 953 пәтер пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Ал 2019 жылы - 1380, 2020 жылы - 1600 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйлер салынуы көзделуде.

Бүгінгі мәліметке сүйенсек пайдалануға беруге 606 пәтер дайын. Оныӊ 114-і Арай массив шағын ауданында тиесілі. Асқар Исабекұлы бұл үйлерді "7-20-25" бағдарламасы арқылы пайдалануға беру керектігін алдыға тартты. Бұл бағытта өтініш берушілердіӊ алғашқы 20 пайызыныӊ 10 пайызын төлеп беруге жергілікті бюджеттен 400 миллиондай қаржы қарастыру көзделуде. Бұл қаржы пайызсыз бөліп төлеу жүйесімен үлестірілмек. Ол үшін арнайы тізім жасалынатын болады. Бұл тұрғыдағы жұмыстар қазір пысықталу үстінде.

Өӊір басшысы арендалық кезекте тұрғандарды кредиттік бағыт бойынша пәтер алуға ыӊғайлау, ол үшін талдау-сараптау жұмыстарын атқару керектігін ескертті. Асқар Исабекұлы облыс экономикасын арттыру үшін тұрғын үй құрылысыныӊ қарқынын бесеӊдетпеудіӊ маӊыздылығын баса айтып, жауапты тұлғаларға аталмыш бағдарлама аясында баспана бақытына ие болушылардыӊ санын арттыру жолында нақты жұмыстар жүргізуді тапсырды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны