16.02.2010, 16:34 21709

Жамбыл облысында 91,8 млн тоннадан астам өнеркәсіптік қалдықтар мен 6 млн тоннадан астам қатты тұрмыстық қалдықтар жиналған - әкім

Жамбыл облысында 91,8 млн тоннадан астам өнеркәсіптік қалдықтар мен 6 млн тоннадан астам қатты тұрмыстық қалдықтар жиналған - әкім

Тараз. 16 ақпан. Kazakhstan Today - Жамбыл облысында 91,8 млн тоннадан астам өнеркәсіптік қалдықтар мен 6 млн тоннадан астам қатты тұрмыстық қалдықтар жиналған. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев халыққа есеп беру жиыны кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Өңір басшысының айтуынша, Тараз қаласының атомосфера ауасының ластану индексі 7,4 шекті-мүмкін концентрацияны құрайды. Ал 2009 жылы стационар көздерден тасталған қалдықтар 47%-ға немесе 15 мың тоннаға азайды.

"Өңірдегі негізгі ауа ластаушы химия өнеркәсібі - 24%, жылу энергетикасы мен газ өнеркәсібі - 14% және тау-кен өңдеу өнеркәсібі - 10%. Жалпы көлемде автокөлік тастайтын ластаушылар 75%-дан асады", - деді ол.

Қ. Бозымбаевтың пікірінше, бүгінде шаруашылық субъектілерінен қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдерді толық жинау және табиғат қорғау шараларын атқаруды қадағалау және анықтау жұмыстарын күшейту қажеттігі туындады.

"Жамбыл облысының экологиялық ахуалына кешенді баға беру және экологиялық төлқұжатын жасау мәселесін қарастыру қажет. Және қысқа мерзімде Шығанақ ауылындағы төтенше жағдайды жоюға шаралар қолдану керек", - деді өңір басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны