26.12.2007, 16:43 3245

Жамбыл облысында Алматы - Ташкент тасжолының Шақпақ асуында жол жабылды

Жамбыл облысында Алматы - Ташкент тасжолының Шақпақ асуында жол жабылды

Тараз. 26-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Жамбыл облысында Алматы - Ташкент тасжолының Шақпақ асуында қатты боран мен бұрқақ қардың салдарынан жол жабылды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Қазавтожол" жедел кезекшісінен Жуалы ауданында Алматы - Ташкент тасжолындағы "Шақпақ" асуында қатты боран соғып тұрғандығы туралы хабар келіп түсті", - деп хабарлады департаменттегілер.

Ахуалдың мән-жайын білу үшін асуға Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің бастығы Жәнібек Шахабаев пен Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің жедел тобы аттанып кетті.

"Қазіргі уақытта қар екпіні күшейіп келеді, оның қалыңдығы 20 см асып түседі. Қар тазалау техникалары жұмыс істеуде: асуды қардан тазартуға облыс орталығынан қосымша техникалар, атап айтқанда КАМАЗ-дар мен автогрейдерлер жөнелтілген",- деп хабарлады департаменттегілер.

Қазавтожолдың мәліметтеріне сүйенсек, Шақпақ асуында техникалар бөгеліп, жиналып қалған. Жолдарды қардан тазалау жұмыстары қатты боран мен жолдардағы қою тұман салдарынан қиындай түсуде. Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент басқармасының пунктінде офицерлер күшейтелген режимде жұмыс істеуде.

Асудағы төтенше жағдайлардың салдарын жоюға Жуалы ауданының әкімшілігі де ат салысуда. Қазіргі уақытта Шақпақ асуында қар бөгеттерін ашуға облыстың Азаматтық қорғаныс қызметі мен Төтенше жағдайлар қызметінің жеке құрамының 30 адамы, 3 шнекті ротор, 2 КАМАЗ, 2 автогрейдер және 2 МТЗ-82 жұмылдырылған.

Департаменттегілердің хабарлауынша, Жамбыл облысының басқа да жолдары мен асуларындағы көлік қозғалысы тоқтатылған жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны