01.03.2012, 11:19 3684

Жамбыл облысында аусыл дертінің тағы бір ошағы анықталды

29 ақпан күні Жамбыл облысы Қордай ауданының "Кіндіктас" шаруа қожалығында зертханалық зерттеулер мен талдаудың нәтижесінде 26 бас ірі қара малда "аусыл" дерті расталды.

Астана. 1-наурыз. Kazakhstan Today - Жамбыл облысында аусыл дертінің тағы бір ошағы анықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады, 29 ақпан күні Жамбыл облысы Қордай ауданының "Кіндіктас" шаруа қожалығында зертханалық зерттеулер мен талдаудың нәтижесінде 26 бас ірі қара малда "аусыл" дерті расталды.

ҚР АШМ "Республикалық эпизоотияға қарсы жасағы" РМК-нің қызметкерлері дертке шалдыққан малды жою бойынша дайындық іс-шараларын жүргізуде. "Кіндіктас" қыстағының аумағында карантин жарияланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны