08.01.2016, 11:18 4979

Жамбыл облысында дәрігерлер әжетхананыӊ шұӊқырынан табылған сәбидіӊ денсаулығы туралы айтты

Жамбылда көкек ананыӊ жауыздығы жұрттыӊ жағасын ұстатты. Белгісіз келіншек күре жолдыӊ бойындағы әжетханаға сәбиін босанып тастап кеткен. Нәжіске малынып, шырылдап жатқан шақалақты дәрет сындыруға тоқтаған жүргізушініӊ бірі байқап, дереу дәрігерлерді шақыртыпты

Тараз. 8 қаӊтар. Kazakhstan Today - Жамбылда көкек ананыӊ жауыздығы жұрттыӊ жағасын ұстатты. Белгісіз келіншек күре жолдыӊ бойындағы әжетханаға сәбиін босанып тастап кеткен. Нәжіске малынып, шырылдап жатқан шақалақты дәрет сындыруға тоқтаған жүргізушініӊ бірі байқап, дереу дәрігерлерді шақыртыпты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Нәрестені тереӊ шұӊқырдан алып шығу үшін төтенше жағдай қызметкерлеріне дәретхананыӊ еденін бұзуға тура келген. Ақ халаттылардыӊ мәліметінше салмағы 3 келі 600 грамм болатын шақалақты анасы 30-40 минут қана бұрын босанып қалдырып кеткен. Құрсағын жарып шыққан перзентін қасақана өлімге қиған тасбауыр келіншек әзірге таптыратын емес. Ал өлім аузынан қалған қыз бала қазір Тұрар Рысқұлов ауданындағы орталық аурухана дәрігерлері емдеп жатыр. Қатты тоӊып қалғаны болмаса жағдайы қалыпты, деп хабарлайды ktk-tv.kz тілшісі.

- Еміп жатыр, еміп жатыр. Жаным, бергенді ішіп алады. Жаным сол

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны