23.05.2016, 20:39 4317

Жамбыл облысында экология департаментініӊ басшыларыне 14 млн. теӊге айыппұл салынды

Тараз қаласы №2 сотында ҚР ҚК-ніӊ 366 бабыныӊ 3 бөлігі 2 тармақшасымен (пара алу), 362 бабыныӊ 4 бөлігі 3 тармақшасымен (билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану) кінәлі деп танылған Жамбыл облысы бойынша экология Департаментініӊ басшысы М.Қонысбековке, орынбасары Д.Атауоллаұлына және ҚР ҚК-ніӊ 367 бабыныӊ 2 бөлігімен (пара беру) кінәлі деп танылған ТОО "ГазСпецСтрой-А" өкілі М.Алтамировқа қатысты қылмыстық іс қаралды

Жамбыл. 23 мамыр. Kazakhstan Today - Жамбыл облысы бойынша экология департаментініӊ басшысмына, оныӊ орынбасарына және "ГазСпецСЧтрой" ЖШС өкіліне қатысты үкім жариланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Тараз қаласы №2 сотында ҚР ҚК-ніӊ 366 бабыныӊ 3 бөлігі 2 тармақшасымен (пара алу), 362 бабыныӊ 4 бөлігі 3 тармақшасымен (билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану) кінәлі деп танылған Жамбыл облысы бойынша экология Департаментініӊ басшысы М.Қонысбековке, орынбасары Д.Атауоллаұлына және ҚР ҚК-ніӊ 367 бабыныӊ 2 бөлігімен (пара беру) кінәлі деп танылған ТОО "ГазСпецСтрой-А" өкілі М.Алтамировқа қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Іс материалдарынан, Д.Атауоллаұлы мен М.Қонысбеков лауазымды тұлға бола тұра, өздерініӊ лауазымдык құқығына жатпайтын әрекеттерге ыкпал жасап, материалдық табыс алу мақсатында Департамент әкімшілік мемлекеттік қызметкерлеріне аударылған сыйдан заӊсыз ақшалай қаражат жинап алған. Осымен тоқтамай, Д.Атауоллаұлы мен М.Қонысбеков кызметтік өкілеттіктеріне кіретін және лауазымдық жағдайына байланысты сол әрекеттерге ыкпал жасап, ТОО "ГазСпецСтрой-А" өкілі М.Алтамировтан мемлекеттік тапсыру-қабылдау актісіне қол қою үшін 100000 теӊге талап еткен.

Көп ұзамай, пара алу барысында Д.Атауоллаұлы Жамбыл облысы сыбайлас жемқорлық Департаментініӊ қызметкерлерімен ұсталған.

Соттыӊ үкімімен Д.Атауоллаұлы мен М.Қонысбеков Қазақстан Республикасы ҚК-ніӊ 362 бабыныӊ 4 бөлігі 3 тармағымен, 366 бабыныӊ 3 бөлігі 2 тармағымен кінәлі деп танылып, осы баптардыӊ бөліктерімен әрқайсысына қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкін тәркілеуімен, мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 000 000 теӊгеден айыппұл төлеу жазасы тағайындалды.

М.Алтамиров Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексініӊ 367 бабыныӊ 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, оған 3 000 000 теӊге көлемінде айыппұл төлеу жазасы тағайындалды.

Үкім заӊды күшіне енген жоқ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны