29.01.2007, 10:12 3085

Жамбыл облысында газ құбырының зақымдануы салдарынан 1200 жеке тұрғын үй көгілдір отынсыз қалды

АСТАНА. 29-қаңтар. Kazakhstan Today. Жамбыл облысында газ құбырының зақымдануы салдарынан 1200 жеке тұрғын үй көгілдір отынсыз қалды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Қазақстан Ресупбликасының Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлады.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, Таразда Жастар бульвары мен Крылов көшелерінің қиылысында, 28-қаңдар күні 18 сағат 40 минутта белгісіз көліктің жүргізушісі орташа қысымының диаметрі 40 мм газ құбырын соғып кеткен. Оқиға салдарынан 1200 жеке меншік тұрғын көгілдір отынсыз қалды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Апаттық-қалпына келтіру жұмыстары бүгінге жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны