12.05.2008, 16:55 2775

Жамбыл облысында қалааралық тасымалдаушылардың басым бөлігі заңсыз жұмыс істеуде - әкімнің орынбасары

Жамбыл облысында қалааралық тасымалдаушылардың басым бөлігі заңсыз жұмыс істеуде - әкімнің орынбасары

Тараз. 12 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Жамбыл облысында қалааралық тасымалдаушылардың басым бөлігі заңсыз жұмыс істеуде. Бұл туралы облыстық әкімшілікте өткен кеңесте әкімнің бірінші орынбасары Александр Савченко мәлім етті.

Кеңесте атап көрсетілгеніндей, бүгінде Таразда қалааралық жолаушы тасымалымен шұғылданатын 9 кәсіпорын ресми түрде тіркелген. Алайда, олардың басым бөлігі өз іс-қызметін тиісті лицензиясыз ұйымдастыруда. Қалааралық автобустардың тұрақтары бейберекетсіз пайда болуда, олар облыс орталығының әрбір ауданында бар. Осындай тұрақтардың жанындағы үйлердің тұрғындары шуыл мен ластық жайында ұдайы шағымданады.

"Көптеген тасымалдаушылар қолданыстағы заңнама мен ережелерге қарама-қайшы жұмыс істеуде", - деді А. Савченко.

Оның айтуынша, бұл кәсіпорындарда өз автобустары жоқ, олар автобекет немесе автостанция сияқты ұйымдарға жатпайды. Бірақ олар өз аумағын жолаушыларды түсіру мен отырғызуға беру арқылы жолаушы тасымалымен шұғылданатындардан пайда түсіруде, ал бұл - заңсыз .

Қалада қалааралық рейстердің жолаушыларын түсіру мен отырғызуға арналған ресми екі орын бар, олар - орталық базардың жанындағы автобекет пен автостанция.

Икімнің орынбасарының хабарлағанындай, жергілікті басшылық Тараздағы қалааралық тасымалды ұйымдастыру проблемасын қысқа мерзімде шешпекші.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны