27.12.2012, 11:42 4821

Жамбыл облысында "Қордай-Шу" газ құбыры ашылды

Жамбыл облысында жылдық қуаты 462 млн текше метр болатын "Қордай-Шу" жоғары қысымды газ құбыры мерзімінен бұрын іске қосылды. Газ құбырын салу құны 4 млрд теңгеге жуық. Аталған жоба "Қазтрансгаз аймақ" АҚ өз қаражаты есебінен жүзеге асырылып отыр. Көгілдір отын Елбасымен бірге өткізілген телекөпір кезінде ашылды.

Жамбыл. 27-желтоқсан. Kazakhstan Today - Жамбыл облысында "Қордай-Шу" газ құбыры ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Хабар агнеттігінің хабарлауынша, Жамбыл облысында жылдық қуаты 462 млн текше метр болатын "Қордай-Шу" жоғары қысымды газ құбыры мерзімінен бұрын іске қосылды. Газ құбырын салу құны 4 млрд теңгеге жуық. Аталған жоба "Қазтрансгаз аймақ" АҚ өз қаражаты есебінен жүзеге асырылып отыр. Көгілдір отын Елбасымен бірге өткізілген телекөпір кезінде ашылды.

Көгілдір отынды Шу ауданының халқы 30 жыл күткен. Енді міне, күні кеше телекөпірде Елбасыға жаңа газ құбыры таныстырылды. Өйткені бұл жоба кеңес үкіметі кезінде басталып аяқсыз қалған. Биыл "Қазтрансгаз аймақ" АҚ ауқымды жобаны қолға алып, алты ай ішінде 106 шықырым жерасты газ құбырын тартты. Көгілдір отынға бірінші болып қол жеткізген Иділхан Омаровтың отбасы. Отын жағу машақатынан құтылған тұрғынның қуанышында шек жоқ.

Исіресе бұл үйдің отанасы Еркін Ойшықызының қуанышы ерекше. Жылда қақаған қыста 20 тонна көмір, қосымша электр жылытқышына ай сайын 10 мың теңге төлемейтін болдық,-дейді. Жобаның орындалуының арқасында Шу қаласы мен Төле би ауылының 33 мыңнан аса тұрғыны, 22 коммуналдық-тұрмыстық, 10 өнеркәсіптік, 18 мектеп, 7 аурухана газбен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, газ құбыры бойындағы 32 елді мекенді көгілдір отынға қосу мүмкіндігі бар.

Жалпы Шу қаласындағы газ қажеттілігін қамтамасыз ету үшін алғашқы уақытта "Бұқара-Ташкент-Бішкек-Алматы" магистралді газ құбырының ресурстары жеткілікті болады. Ал 2013-14-жылдары Бейнеу-Бозой-Шымкент магистралі пайдалануға берілгенде аймаққа толығымен қазақстандық газ жеткізіледі. Құрылыс барысында 400-ден аса жұмыс орнының құрылуы жобаның әлеуметтік маңызын арттырып отыр. Ал пайдалану барысында 36 тұрақты жұмыс орны құрылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны