23.10.2009, 15:10 2961

Жамбыл облысында өндіріс көлемі пессимистік сценарийден төмен болуда - әкімдік

Жамбыл облысында өндіріс көлемі пессимистік сценарийден төмен болуда - әкімдік

Тараз. 23 қазан. Kazakhstan Today - Жамбыл облысында өндіріс көлемі пессимистік сценарийден төмен болуда. Бұл туралы Таразда өткен "Қазақстан Республикасындағы дағдарысқа қарсы бағдарламаның орындалуы" атты дөңгелек үстелде облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы бастығының орынбасары Ләззат Телбаева мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Л. Телбаеваның айтуынша, өңірде өндіріс қарқыны баяулау ағымы байқалуда. "Ағымдағы жылдың 9 айында облыстағы өндіріс көлемі 79,7 млрд теңге, немесе жалпы көлем индексінің 67,9% құрайды", - деді ол.

"Тау-кен және өңдеу саласында, сондай-ақ, электр қуаты, газ бен су өндіру және таратуда өндіріс көлемі азаю ағымы байқалуда", - деді Л. Телбаева.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны