24.01.2011, 16:07 4165

Жамбыл облысында шағын ГЭС салыну жоспарлануда

Жамбыл облысында шағын ГЭС салыну жоспарлануда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына сілтеме жасай отырып.

Жамбыл. 24 - қаңтар. Kazakhstan Today - Жамбыл облысында шағын ГЭС салыну жоспарлануда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына сілтеме жасай отырып.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, станция Тұрар Рысқұлов атындағы ауданда Қарақыстақ шатқалында салынады деп жоспарлануда.

Облыста жоспарланып отырған 12 шағын ГЭС-тің алғашқысы 2010 жылдың желтоқсан айында Мерке ауданында ашылған болатын.

"Жамбыл гидроэнерго" МКК дирекциясының ақпараты бойынша, Қарақыстақ ГЭС-нің жобасына "Жамбыл гидроэнерго" МКК тапсырыс беріп отыр. Жобаны әзірлеуге облыс бюджетінен 20 миллион теңге бөлінді. Қарақыстақ ГЭС-нің қуаты 2100 КВт құрайды. Құрылысқа 75 жұмысшы атсалысады, ал станса іске қосылғаннан кейін жеті жаңа жұмыс орны құрылады.

Нысанның құрылысы инвесторлардың есебінен 2011-2012 жылдарға жоспарланып отыр, ал инвесторлар жақын арада конкурстық негізде анықталмақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны