27.02.2015, 22:30 4285

Жамбыл облысында тікұшақ құлады

Талас ауданы Қаратау қаласында ұшырылым уақытында Eurocopter ЕС 130 тікұшағы құлады, деп хабарлады Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметінен

Тараз. 27 ақпан. Kazakhstan Today - Талас ауданы Қаратау қаласында ұшырылым уақытында Eurocopter ЕС 130 тікұшағы құлады, деп хабарлады Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметінен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"27 ақпанда сағат 12.20-да Жамбыл облысы ТЖД жедел кезекші пультіне "Қазаэронавигация" РМК Бриффинг-Тараз тобыныӊ диспетчерінен хабарлама келіп түсті, онда Жамбыл облысында 27 ақпанда сағат 12.05-те "TalasInvestmentCompany" ЖШС-ныӊ цианид натрий өндіретін зауыт аумағындағы тікұшақ алаӊында ұшырылым кезінде Eurocopter ЕС 130 тікұшағы құлағаны хабарланды. Экипаж командирі тікұшақты жалғыз өзі басқарған, жолаушылар болмаған, зардап шеккендер жоқ", - делінген ТЖД хабарламасында, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Борт нөмірі ЕЦ-010, бір моторлы жеӊіл Eurocopter ЕС 130 тікұшағы "Кама" операторы (ОҚО) "СауТС Ойл" ЖШС-ға тиесілі.

Алдын ала деректер бойынша, апат себебі тікұшақтыӊ басқару жабдығы істен шыққан.

Оқиға орнына Талас ауданыныӊ ТЖБ, ӨБ-5 өрт бөлімі, ІІБ жедел тобы келді. Барлығы 16 адам, 5 техника.

Бұл - Жамбыл облысында жыл басынан бастап орын алған екінші оқиға. Еске салсақ, 20 қаӊтарда "Шатыркөл" кен орнында АН-2 ұшағы апатқа ұшырап, үш экипаж мүшесі, үш жолаушы қаза тапқан.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны