10.05.2018, 20:33 4185

Жамбыл облысында Ұлы Отан соғысындағы Жеӊістіӊ 73 жылдығына орай мерекелік іс-шара Бауыржан Момышұлы атындағы "Жеӊіс" саябағында ерекше салтанатпен атап өтілді

"Батырлар аллеясынан" аса берген тұста кірпіштен өріліп, гранитпен қапталған 6 қабырға қаланды. Бұл - "Даӊқ аллеясы". Онда Жамбыл облысынан майданға аттанған 105 мыӊ жауынгердіӊ есімі қашалып жазылды.

Тараз. 10 мамыр. Kazakhstan Today - Биыл Жамбыл облысында Ұлы Отан соғысындағы Жеӊістіӊ 73 жылдығына орай өтетін мерекелік іс-шара Бауыржан Момышұлы атындағы "Жеӊіс" саябағында ерекше салтанатпен басталды.

Олай дейтініміз, аймақ басшысы Асқар Мырзахметовтіӊ тікелей бастамасымен "Ерлік" мемориалдық кешенініӊ құрылысы ағымдағы жылдыӊ сәуір айынан басталған болатын.

Жұмыскерлердіӊ, жалпы осы құрылысқа қатысты адамдардыӊ бәрінініӊ күндіз-түні еӊбектенуініӊ нәтижесінде саябақтыӊ келбеті бүгінде адам танымастай өзгерді.

Айта кетерлігі, мемориалды кешенніӊ ортасына облыстық драма театрдыӊ бір шетінде тұрған Бауыржан Момышұлыныӊ ескерткіші әкелініп, тас тұғырға орналастырылды. Ал ескерткіш алдынан "Мәӊгілік алау" орын тапты.

Сондай-ақ Жамбыл облысынан шыққан 48 Кеӊес Одағы Батырыныӊ есімдері жазылған арнайы тақтайшалар бой көтеріп, олар жеке-жеке тұғырға орнатылып, тұғырдыӊ орта тұсына көзсіз ерлік көрсеткен жауынгерлердіӊ кеудесіне тағылған "Алтын жұлдыз" медальдарыныӊ ұлғайтылған көшірмелері ілінді.

"Батырлар аллеясынан" аса берген тұста кірпіштен өріліп, гранитпен қапталған 6 қабырға қаланды. Бұл - "Даӊқ аллеясы". Онда Жамбыл облысынан майданға аттанған 105 мыӊ жауынгердіӊ есімі қашалып жазылды.

Сондай-ақ, кешенніӊ екі бас қақпасы биіктігі 8 метр, ені 13 метрлік мәрмәр, травертин тастарынан қаланды. Онда күзет сақшыларыныӊ мүсіні қойылды.

Алдағы уақытта саябақ аумағында соғыс, тыл ардагерлеріне арналған "Даӊқ залы" бой көтермек. Интернационалист жауынгерлерге арналған мемориал да орнатылады. Ауған соғысы, Семей ядролық сынақтары және Чернобыль атом электр стансасындағы апаттыӊ салдарын жоюға қатысқан азаматтарға арналған ескерткіштер қойылмақ.

Құрылыс жұмыстарынан бөлек, мұндағы ретсіз өскен тал-дарақ кесіліп, ағаштар бұталған. 15 мыӊ шаршы метрді құрайтын аумаққа құйматас төселіп, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары жүруде. Сонымен қатар саябақты жағалай өтетін "Үшбұлақ" каналыныӊ бойында тазарту жұмыстары жүруде. Болашақта жағалауда демалушылар үшін жағажай жасалып, веложолдармен жабдықталмақ.

Еске сала кетейік, ел тағдыры, жер тағдыры сын сағатта түскен кезде 400 мыӊдай халқы бар бір ғана Жамбыл облысыныӊ өзінен майданға 100 мыӊнан аса адам аттанған болатын.

Қайсар мінезді жерлестеріміз батырлық пен елжандылықтыӊ жоғары үлгісін көрсетті. 39 жамбылдық Кеӊес Одағыныӊ Батыры атанса, 9 жерлесіміз "Даӊқ" орденініӊ толық иегері болды. Биыл ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне, оларға теӊестірілгендерге, тыл еӊбеккерлеріне әлеуметтік көмек ретінде 116 млн.теӊге жергілікті бюджеттен төленді.

Өз кезегінде Ұлы Отан соғысындағы Жеӊістіӊ 73 жылдығына орай өтетін мерекелік іс-шарада жеӊілмейтін адам рухы мен жанқиярлықтыӊ, батылдық пен өшпес даӊқтыӊ нышанына айналған "Бессмертный полк" шеруі ұйымдастырылды. Шеру екі бағытта: "Достық" алаӊынан "Жеӊіс" саябағына дейін және А.Сухамбаев ескерткішінен "Жеӊіс" саябағына дейін жүріп өтті.

Одан соӊ "Мәӊгі алау" отын "Ерлік" мемориалдық кешеніне салтанатты түрде көшіру рәсімі, сондай-ақ Кеӊес Одағыныӊ Батыры, аты аӊызға айналған қолбасшы Б.Момышұлыныӊ ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі орындалды.

Жоғарыда айтылған "Ерлік" мемориалдық кешенінде іс-шаралар мерекелік концертпен және суретшілердіӊ театрландырылған қойылымымен жалғасып, кешкі уақыттағы отшашумен аяқталды.

Жамбыл облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны