05.09.2017, 19:06 5225

Жамбыл облысында жаӊа санаторий ашылды

Салтанатты шарада аймақ басшысы Кәрім Көкірекбаев сөз сөйлеп, облыс тұрғындарыныӊ денсаулығын жақсартуда атқарылып жатқан жұмыстарға бірқатар тоқталып өтті.

Тараз. 1 қыркүйек. Kazakhstan Today - Жамбыл облысы Жамбыл ауданы, Айша бибі ауылдық округі, Қызылтаӊ ауылында көптен күткен "Айша бибі" санаторийініӊ ашылу рәсімі болды.

Салтанатты шарада аймақ басшысы Кәрім Көкірекбаев сөз сөйлеп, облыс тұрғындарыныӊ денсаулығын жақсартуда атқарылып жатқан жұмыстарға бірқатар тоқталып өтті.

- Денсаулық саласын дамытудыӊ "2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасы" аясында бұл ғимаратқа өзініӊ бастапқы мақсатты фунциясы қайтарылды.

Яғни, бүгін "Айша бибі" балшықпен емдеу-оӊалту санаторийі қайта пайдалануға беріліп отыр.

Мемлекеттік бюджеттен санаторий ғимаратыныӊ күрделі жөндеу жұмыстарына520 млн. теӊге, оныӊ материалдық-техникалық базасын нығайтуға 354 млн. теӊге көлемінде қаржы бөлінді, - деді Кәрім Нәсбекұлы.

Айта кетерлігі, ғимарат алдында жүйке аурулар интернат үйі болған.

Қазіргі санаторийдіӊ жалпы алаӊы 4378,0 шаршы метр және 4 корпустан құралған. Жаӊа медициналық мекемеде медициналық қызметкерлердіӊ жалпы саны 151-ді құрайды, оныӊ ішінде дәрігерлер - 16, ал орташа медициналық қызметкерлер - 30. Терапевт, ортопед, уролог, гинеколог, дәрігер-реабилитолог, стоматолог, УДЗ дәрігері, кардиолог, невропатолог және т.б. дәрігерлер сырқаттарды қабылдау жұмысын жүргізеді. Бас дәрігер - Қуатжан Тұрысбеков.

120 төсекке арналған санаторий Жамбыл облысыныӊ тұрғындарына мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге бағытталған, сондай-ақ мұнда тірек-қимыл аппаратыныӊ, жүйке жүйеніӊ, тері, хирургиялық, әйелдер мен еркектердіӊ жыныстық ауруларын кешенді емдеу бойынша қызметтер көрсетіледі.

Санаторияда емдеу процедураларыныӊ келесі түрлері ұсынылған: бальнеоемдеу, балшықпен емдеу, тұзды ванналар, емдік душтар: циркулярлық және Шарко душы, физиоемдеу, ЛФК, тұзды шахта, кедр бөшкелері. Сонымен қатар, санаторияға облыста теӊдесі жоқ буындарды дамытуға арналған Артромот қондырғысы алынды.

Сонымен бірге, санаторийға келушілердіӊемдеу курсынан өту ұзақтығы - 13 күн.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны