30.10.2009, 11:19 1853

Жамбыл облысында "Жол картасы" бағдарламасы бойынша жұмыссыздар санын негізсіз ұлғайту деректері анықталды - прокуратура

Жамбыл облысында "Жол картасы" бағдарламасы бойынша жұмыссыздар санын негізсіз ұлғайту деректері анықталды - прокуратура

Тараз. 30 қазан. Kazakhstan Today - Жамбыл облыстық прокуратурасы бюджет қаржысының есебінен жұмысқа тарту үшін жұмыссыздар санын негізсіз ұлғайту деректері анықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соның нәтижесінде "Жол картасы" бағдарламасының талаптарын жүзеге асыру бойынша жалған жетістіктер қолдан жасалған, деп хабарлайды прокуратураның баспасөз қызметі. "Жалпы алғанда тексеру қорытындысы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына негізсіз жолдамалар беру салдарынан 1 млн теңгеден астам бюджет қаржысы жұмсалған", - делінген құжатта.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "жұмыспен қамту орталығы мен "Жасыл Тараз" ИК ҚКК арасында 2009 жылдың 30 маусымында қол қойылған шартқа сәйкес соңғысы "Жол картасы" аясында мақсатты топтардың аясындағы жұмыссыздар қатарынан 300 әлеуметтік жұмыс орнын құруға міндеттеме алады".

"Сол күні "Жасыл Тараз" ИК ҚКК директорының бұйрығымен 34 жұмыскер өз өтініштері бойынша жұмыстан шығарылған, кейін оларды жұмыспен қамту бөлімі жұмыссыздар ретінде тіркеген. Оларға "Жасыл Тараз" ИК ҚКК-ына жұмысқа орналасуға жолдамалар берілген", - делінген құжатта.

Сондай-ақ, түсініктемеге сәйкес, "1 шілдеде әлгі адамдар кәсіпорын директорының бұйрығымен сол жұмыс орындарына қайтадан, бірақ осы жолы "Жол картасы" бағдарламасы бойынша жұмысқа қабылданған".

Сондай-ақ, жалақыны мақсатты топтарға жатпайтын адамдарға төлеу оқиғалары да анықталған. "Мәселен, "Қарлыгаш" атты шаруа қожалығына Шу аудандық әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жолдамасымен аталған шаруа қожалығының қожайынының жұбайы, ұлы мен қызы әлеуметтік жұмыс орнына әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтар ретінде жұмысқа қабылданған, ал басшының қызы осы уақытта бизнес-колледж студенті болып табылады.

"Нәтижесінде ағымдағы жылдың 1 маусымы мен 1 қыркүйегі аралығында оларға ай сайын әрқайсысына 15 000 теңгеден жалпы көлемі 135 000 теңге төленген", -делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны