03.10.2018, 17:20 3628

Жамбыл облысында Жұмысшы жастардыӊ республикалық форумы өтті

Жамбыл облысында өткен Жұмысшы жастардыӊ республикалық форумы медицина, мұнай-газ, көлік және энергетика саласындағы жас мамандардыӊ басын қосты. Республикада алғаш рет өткен мұндай форматтағы іс-шараны ҚР Кәсіподақтар федерациясы ұйымдастырды.

Алматы. 3 қазан. Kazakhstan Today - Жамбыл облысында өткен Жұмысшы жастардыӊ республикалық форумы медицина, мұнай-газ, көлік және энергетика саласындағы жас мамандардыӊ басын қосты. Республикада алғаш рет өткен мұндай форматтағы іс-шараны ҚР Кәсіподақтар федерациясы ұйымдастырды.

Форумныӊ жұмысына "Самұрық-Энерго" энергия холдингініӊ де жас мамандары, атап айтқанда, оныӊ құрамындағы компаниялар тобыныӊ - "Шардара СЭС" АҚ-ныӊ, "Мойнақ СЭС" АҚ-ныӊ, "Богатырь Көмір" ЖШС-ныӊ, "Екібастұз ГРЭС-1" ЖШС-ныӊ, "Екібастұз ГРЭС-2 станциясы" АҚ-ныӊ, "АлЭС" АҚ-ныӊ, "АЖК" АҚ-ныӊ мамандары қатысты. Холдингте энергетик және тау-кенші болып жұмыс істейтін жастардыӊ бас қосуына "Самұрық-Энерго" Жергілікті кәсіподағы" ҚБ қолғабыс етті.

Жас мамандардыӊ слетінде бүгінгі таӊда өзекті болып тұрған мәселелер мен тақырыптардыӊ кеӊ ауқымы - жастардыӊ экономика мен саясаттыӊ барлық салаларында қатысуынан бастап, еліміздегі кәсіподақ қозғалысыныӊ теориясы мен практикасына дейін қаралып, талқыланды. Форумға қатысушылардыӊ алдында ҚР Парламенті Мәжілісініӊ депутаттары, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардыӊ, Қазақстан кәсіподақтары федерациясыныӊ өкілдері, түрлі саланыӊ сарапшылары мен танымал заӊгер-ғалымдар өз ой-тәжірибелерімен бөлісті.

Форум делегаттарыныӊ бірі, "Самұрық-Энерго" АҚ "ЖЭК және Бөліп-тарату" Департаментініӊ "Өндірістік бағдарламалар мониторингі" бөлімініӊ басшысы Инуар Ибітаевтыӊ сөзінше, іс-шара бір демніӊ ішінде, ақпараттық баяндамаларға, "сұрақ-жауап" сессиясы кезіндегі қызу пікірталастарға толы өтті. "Талқылаулар барысында Қазақстандағы еӊбек нарығын дамыту тақырыбына, еӊбек ұжымдарындағы дауларды реттеудіӊ заӊдық мәселелеріне, сондай-ақ заманауи сын-қатерлер: цифрландыру, интеграциялану, ЕАЭО бірыӊғай еӊбек нарығыныӊ жұмыс істеуі жағдайында жұмыспен қамту нарығын дамыту мәселелеріне айрықша назар аударылды. Илеуметтік әріптестікті дамытудыӊ, атап айтқанда, ұжымдық шарттардыӊ әлеуметтік бөлігін күшейтудіӊ қажеттілігіне баса мән берілді", - деп атап өтті "Самұрық-Энергоныӊ" жас маманы.

Еӊбек қатынастары мәселелерін талқылау барысында "Самұрық-Энерго" АҚ мен еӊбек ұжымыныӊ өкілі атынан "Самұрық-Энерго" Жергілікті кәсіподағы" ҚБ арасында қол қойылған Ұжымдық шарт форумға қатысушылардыӊ жоғары бағасы мен қолдауына ие болғанын атап өту қажет. Көпшіліктіӊ ортақ пікірінше, ұйымдағы әлеуметтік-еӊбек қатынастарын реттеуге қаратылған құжат еӊбек өнімділігін арттыруға оӊ ықпал етеді және жұмыс берушініӊ кәсіподақпен серіктестік қатынас орнатуына көмектеседі.

"Самұрық-Энерго" АҚ - Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг, акцияларыныӊ 100%-ы "Самұрық-Қазына" ҰИҚ" АҚ-ға тиесілі. 2007 жылы құрылған. Жұмысыныӊ негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, бөліп-тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтіӊ құрамына энергия және көмір өндіру кәсіпорындары, соныӊ ішінде: "Екібастұз ГРЭС-1" ЖШС, "Екібастұз ГРЭС-2 станциясы" АҚ, "Богатырь Көмір" ЖШС, "Алматы электр станциялары" АҚ, "О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электрстанциясы" АҚ, "Шардара СЭС" АҚ және т.б. кіреді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны