30.05.2013, 16:43 13588

Жамбыл облысындағы атысқа байланысты қылмыстық іс қозғалды

Жамбыл облысының құқық қорғау органдары Жамбыл ауданы Аса ауылындағы атысқа байланысты ҚР ҚК 257 бабының 3-ші тармағы "Қаруды қолдану арқылы жасалған бұзақылық" бойынша қылмыстық іс қозғады.

Астана. 30-мамыр. Kazakhstan Today - Жамбыл облысындағы атысқа байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Жамбыл облысының құқық қорғау органдары Жамбыл ауданы Аса ауылындағы атысқа байланысты ҚР ҚК 257 бабының 3-ші тармағы "Қаруды қолдану арқылы жасалған бұзақылық" бойынша қылмыстық іс қозғады.

Облыстық ІІД мәлім еткендей, 26 мамыр күні кешқұрым ауылдағы стадионда көкпардан өткен аудандық жарысқа қатысушылар арасында жанжал шыққан.

"Аса ауылындағы орталық стадионның аумағына кездейсоқ келген 6 жігіт жараланды. Изірге анықталмаған қарудан оқ атылған. Жарақаттанған жігіттер дереу көліктеріне мініп, Аса ауылындағы орталық аудандық ауруханасына жетіп үлгерді. Оларға алғашқы медициналық жәрдем көрсетілді", - делінген ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Жапа шеккендердің үшеуі Тараз қаласындағы №1 ауруханада. Олардың жағдайы ауыр.

Бүгін қылмыстың барлық мүмкін нұсқалары қарастырылып, оған қатысы бар тұлғалар анықталу үстінде. Тергеу жүріп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны