19.02.2016, 18:52 7186

Жамбыл облысындағы оқиға бойынша жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылады - ҚР ІІМ

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Бурыл ауылында жағдай тұрақты, жапа шеккендер жоқ. Құқық қорғау органдары мен жергілікті билік өкілдері қоғамдық тәртіпті және заӊдылықтыӊ сақталуын қамтамасыз ету шараларын қабылдады

Тараз. 19 ақпан. Kazakhstan Today - Жамбыл облысы Байзақ ауданы Бурыл ауылында жағдай тұрақты, жапа шеккендер жоқ. Құқық қорғау органдары мен жергілікті билік өкілдері қоғамдық тәртіпті және заӊдылықтыӊ сақталуын қамтамасыз ету шараларын қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Сонымен бірге, ұялы байланыс мессенджерлері мен әлеуметтік желілерде белгісіз тұлғалар қасақана Қазақстанныӊ басқа аумақтарында болған кісі өліміне қатысты фотосуреттер мен бейнебаяндарды тіркеп, оныӊ Бурыл ауылындағы оқиғамен байланыстыратын жалған ақпараттар таратуда. Бұл шындыққа еш сәйкес келмейді", - делінген Ішкі істер министрлігініӊ баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Осыған орай, ІІМ жалған ақпарат тарату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ол бойынша кінәлі тұлғалар анықталып, жауапқа тартылатын болады.

"Ішкі істер министрлігі ҚР Қылмыстық кодексініӊ 274-бабына сәйкес, қасақана жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылатынын ескертеді", - делінген баспасөз баянында.

Еске салайық, Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметініӊ ақпаратынша, 15 ақпан күні сағат 17:00-де Жамбыл облысындағы Байзақ ауданыныӊ Бурыл ауылындағы жекеменшік үйде кәмелеттік жасқа жетпеген А.С.Дүйсенбектіӊ зорлық белгілері бар денесі табылды. Аталған факті негізінде ҚР Қылмыстық кодексініӊ 99-бабыныӊ 2-бөліміндегі 14-тармақшасы (кәмелеттік жасқа жетпегенді әдейі өлтіру) бойынша тергеу басталды. 16 ақпанда өз кінәсін мойындаған К. есімді күдікті азамат ұсталып, уақытша оқшаулағышқа қамалды.

"Қылмыстыӊ қайтыс болған баланыӊ отбасыныӊ мүлкін ұрлау ісіне байланысты болғанын, яғни тұрмыстық сипатта екені анықталды. Іс бойынша бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Жергілікті тұрғындардыӊ алаӊдаушылығына байланысты, жергілікті атқарушы органдар мен құқық қорғау органдарыныӊ басшылығы жиын өткізіп, жиналған адамдарға тергеудіӊ алдын ала қорытындылары туралы сенімді ақпарат берілді", - делінген хабарламада. ІІД-де елді мекендегі жағдайдыӊ тұрақты екенін мәлімдеді. Тергеу барысы ерекше бақылауға алынған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны