14.01.2013, 09:49 2885

Жамбыл облысындағы ТЖ байланысты вице-премьер Қ.Көшербаевтың басқаруындағы Республикалық штаб құрылды

12 қаңтар күні Жамбыл облысында ауа райының күрт бұзылуына байланысты ПС-110-Қаратау-2 подстанциясын қоректендіретін "ЖЭС" ЖШС электр тасымалдау желісі істен шығып, соның салдарынан Қаратау қаласы электр қуатынсыз қалды. Секундына 35-40 метр жылдамдықтағы күшті желдің әсерінен "Игілік" қазандығының түтін шығатын мұржасы құлаған. Орын алған апаттық жағдай салдарынан қазандықтың жұмысы және Қаратау қаласына жылу энергиясын беру тоқтаған.

Астана. 14-қаңтар. Kazakhstan Today - Жамбыл облысындағы ТЖ байланысты вице-премьер Қ.Көшербаевтың басқаруындағы Республикалық штаб құрылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

12 қаңтар күні Жамбыл облысында ауа райының күрт бұзылуына байланысты ПС-110-Қаратау-2 подстанциясын қоректендіретін "ЖЭС" ЖШС электр тасымалдау желісі істен шығып, соның салдарынан Қаратау қаласы электр қуатынсыз қалды. Секундына 35-40 метр жылдамдықтағы күшті желдің әсерінен "Игілік" қазандығының түтін шығатын мұржасы құлаған. Орын алған апаттық жағдай салдарынан қазандықтың жұмысы және Қаратау қаласына жылу энергиясын беру тоқтаған.

Сондай-ақ KEGOK - ВЛ 220 кВ желісі де істен шыққан. Талас және Сарысу аудандары, оның ішінде Қаратау мен Жаңатас қалалары электр энергиясынсыз қалды.

Қазіргі кезде төтенше жағдай сақталуда.

Қалыптасқан төтенше жағдайға байланысты Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қырымбек Көшербаев басқарған Жамбыл облысындағы дауыл салдарын жою жөніндегі Республикалық штаб құрылды.

Бүгін таңертең Үкіметтік комиссия жедел шара қабылдау үшін Тараз қаласына келіп жетті. Қ.Көшербаев Тараз қаласының әуежайында Республикалық штабтың бірінші отырысын өткізіп, облыстың апатты жағдайдан зардап шеккен Талас және Сарысу аудандары елді мекендерінің өмір сүру жағдайын қалпына келтіру үшін бірқатар тапсырмалар берді. Мәжілістен кейін вице-премьер Қаратау мен Жаңатас қалаларына аттанды.

Қазіргі кезде елді мекендерді электрмен, жылумен және сумен жабдықтау жөніндегі барлық шұғыл шаралар қабылдануда. Қаратауды қардан тазалау үшін ауыр техника жіберілді.

Облыстың ТЖ және энергетикалық кәсіпорындары қызметкерлері қатарынан жасақтар құралды. Сондай-ақ, жанар-жағар май жеткізу, Қаратау мен Жаңатас қалаларының тұрғындары мен Тараздан ТЖ салдарын жою үшін келген жасақ қызметкерлері үшін ауыз су мен ыстық тамақ тасу ұйымдастырылуда. "ҚазСҚСҒЗИ" РМК мен ЖЭК кәсіпорындары мамандары "Игілік" МҚК қазандығының қондырғылары мен ғимаратының жағдайын бағалап және қалпына келтіру жұмыстарының жоспары әзірленуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны