15.10.2018, 14:53 4656

Жамбыл облысыныӊ әкімі Асқар Мырзаxметов өӊірдегі этномәдени бірлестік басшылары мен өкілдерін қабылдады

Қазіргі таӊда аймақтық Қазақстан халқы ассамблеясы 73 этномәдени бірлестіктердіӊ басын біріктіріп, жұмыс атқаруда. Оныӊ 26-сы облыс орталығында, 47-сі аудан орталығында құрылған.

Тараз. 15 қазан. Kazakhstan Today - Жамбыл облысыныӊ әкімі Асқар Мырзаxметов өӊірдегі этномәдени бірлестік басшылары мен өкілдерін қабылдады.

Жиында алдымен Жамбыл облыстық Қазақстан xалқы Ассамблеясыныӊ xатшылық меӊгерушісі Маржан Қожаева баяндама жасап, өӊірдегі этностық жағдайға тоқталып өтті.

Қазіргі таӊда аймақтық Қазақстан халқы ассамблеясы 73 этномәдени бірлестіктердіӊ басын біріктіріп, жұмыс атқаруда. Оныӊ 26-сы облыс орталығында, 47-сі аудан орталығында құрылған.

Ассамблея құрамында аналар кеӊесі, ғылыми-сараптамалық топ, "Ақжелкен" жастар көшбасшы лигасы және басқа да ұйымдар бар. Осы мәліметтермен бөліскен Маржан Қожаева xатшылық тарапынана тқарылып жатқан жұмыстар туралы да баяндап өтті.

Кездесу барысында "Жамбыл облысы неміс қоғамы" қоғамдық бірлестігініӊ төрағасы Александр Гибнер, Махмут Қашқари атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігініӊ төрайымы Муxаббат Турдыева, Дүнген этномәдени бірлестігі жанындағы "Ақжелкен" жастар қанатыныӊ төрағасы Зайнуддин Махусеев және өзгелер сөз алып, ой-пікірлерін ортаға салды.

Бас қосу барысында жастарға қатысты стартап жобалары ұсынылып, миграциялық және түрлі әлеуметтік мәселелер көтерілді.

Асқар Исабекұлы өӊірдегі оӊ өзгерістерді тілге тиек етіп, олардыӊ барлығында этномәдени бірлестіктерініӊ де үлесі аз емес екенін айтып, бірлік бар жерде берекелі іс болатынын жеткізді. Алдағы уақытта да ынтымағы жарасқан Жамбыл жерініӊ өркендей беруіне аянбай тер төгуге шақырды.

Жамбыл облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны