02.09.2016, 12:23 3561

Жамбыл облысыныӊ мектептерінде жаӊа оқу жылында 210 мыӊ оқушы білім алады

Ағымдағы жылы 19 білім беру объектілерініӊ құрылыс жұмыстары жүргізілуде, оған 6,4 млрд. теӊге бөлінді. Соныӊ ішінде 7 білім беру нысандары "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша салынуда.

Тараз. 2 қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін Тараз қаласы Құмшағал алқабында жаӊа 300 орынды мектеп ашылды. Мектептіӊ салтанатты ашылуына өӊір басшысы Кәрім Көкірекбаев қатысты, деп хабарлады облыс әкімдігініӊ баспасөз қызметі.

Мектептіӊ құрылысын мердігер ЖШС "Ник Тараз" 2015 жылы бастады. Оқу орнында 67 оқытушы жұмыс істейді. Ғимарат барлық қажетті материалдық-техникалық базасымен жабдықталған. Жобалық сметалық құны 746 млн. 348 мыӊ теӊге құрады.

Сондай-ақ, тағы 4 мектеп жаӊа оқу жылында пайдалануға берілді. 1 қыркүйек күні Жуалы ауданындағы Қошқарата ауылында 180 орындық орта мектебі, Т. Рысқұлов ауданындағы Ибжапар ауылында 150 орындық орта мектебі, Байзақ ауданындағы Түймекент ауылында 300 орындық орта мектебі және Талас ауданыдағы Есейхан ауылында 120 орынға арналған орта мектебі ашылды.

Жаӊа оқу жылында облыс мектептерінде 210 мыӊ оқушы оқитын болады, оныӊ ішінде 26 379 оқушы бірінші сыныпқа барды.

Ағымдағы жылы 19 білім беру объектілерініӊ құрылыс жұмыстары жүргізілуде, оған 6,4 млрд. теӊге бөлінді. Соныӊ ішінде 7 білім беру нысандары "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша салынуда.

42 білім беру нысандарына күрделі жөндеу жұмысыны 4 млрд. 477 млн. 694 мыӊ теӊге бөлінді.

Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алу үшін 2016 жылы 1-8 сыныптарға бюджеттен 1 млрд. 78 млн. теӊге бөлінді. Бүгінгі күні оқушылар оқулықтармен 100% қамтамасыз етілді.

Мектеп жоқ елді мекендерде тұратын балалар тасымалдаумен толық қамтамасыз етілген.

Қазіргі уақытта "Бақытты балалық шақ аумағы" ұранымен өтіп жатқан дәстүрлі жалпыреспубликалық қайырымдылық "Мектепке жол" акциясы жалғасуда.

Ағымдағы жылдыӊ 30 қыркүйегіне дейін жалғасын табатын акцияныӊ кезінде тұрмысы төмен отбасы балаларын мектепке қажетті киім-кешек, құрал-жабдықтармен қамты үшін жергілікті бюджет есебінен және демеушілер арқылы көмек көрсетілуде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны