09.01.2014, 20:21 3205

Жамбыл облысының жедел жәрдем бекеттеріне 28 автокөлік берілді

Тараз қаласы мен Жамбыл облысының аудандарына 28 автокөлік берілді, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы. 9 қаңтар. Kazakhstan today. Тараз қаласы мен Жамбыл облысының аудандарына 28 автокөлік берілді, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"14 реаномобиль мен 14 линиялық бригада машиналары - жедел жәрдемге жүгінген жұртқа дер кезінде жетеді", - делінген хабарламада.

Заманауи жабдықталған жаңа көліктер Қостанайда жиналды.

Айта кетейік, бұған дейін облыстағы жедел жәрдем станцияларында 90-нан астам автомашина бар болса, оның тең жартысы ескірген еді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны