30.05.2013, 15:34 4907

Жамбылдық құтқарушылар Алматы-Ташкент күре жолында жүк көлігінің жүргізушісін аман алып қалды

Жамбылдық құтқарушылар Алматы-Ташкент күре жолында жүк көлігінің жүргізушісін аман алып қалды. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

Астана. 30-мамыр. Kazakhstan Today - Жамбылдық құтқарушылар Алматы-Ташкент күре жолында жүк көлігінің жүргізушісін аман алып қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Жамбылдық құтқарушылар Алматы-Ташкент күре жолында жүк көлігінің жүргізушісін аман алып қалды. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

29 мамыр күні таңғы сағат 5.30 шамасында Алматы-Ташкент күре жолында "МАН" және "Газель" жүк көліктері соқтығысты. Жол-көлік апаты салдарынан "Газель" жүргізушісін металл жаншып қалған.

Оқиға орнына жеткен "Жедел-құтқару отрядының" мамандары көтергішпен гидравликалық қысым жасау арқылы панельді, рөлді жылжытып, жүргізушіні шығарып алды. Зардап шеккен жүргізушіге оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметі көмек көрсетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны