22.05.2017, 17:18 4323

Жамбылдықтар ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне керуен шығарып салды

"ЕХРО-2017" көрмесіне әлемніӊ әр түкпірінен келетін қонақтарға "Ұлы Жібек жолы" бойындағы сауда, мәдениет, өркениеттіӊ рухани орталығы болған Ежелгі Тараздыӊ тарихымен таныстыру мақсатында "Ұлы Жібек жолы. Көне Тараздан асқақ Астанаға тарту" атты керуен ұйымдастырылады

Тараз. 22 мамыр. Kazakhstan Today - Тараз қаласынан "Көне Тараз" тарихи мәдени орталығы, Жамбыл ескерткіші алаӊынан салтанатты түрде Астана қаласына "Ұлы Жібек жолы. Көне Тараздан асқақ Астанаға тарту" атты керуені жол тартты.

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандарылған көрмесі аясында ұйымдастырылған керуен құрамында-20 түйе, 46 ат болады. Оныӊ 6-ы ат арба, 10 жүк автокөлігі, 3 автобус, 6 қызметтік автокөлік (ұйымдастырушылар, МАИ, жедел жәрдем, төтенше жағдай т.б.)- 150 адам бар.

Керуен Астанаға жеткенше Жамбыл және Қарағанды облыстарындағы жол бойында орналасқан 10 елді мекенге тоқтайды.

Ирбір тоқтайтын пункттерде ЭКСПО-2017 көрмесін насихаттауға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылады. Киіз үйлер тігіліп, қазақ елініӊ тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрлері сахналанады, ұлттық спорт ойындары, концерттік бағдарламалар өткізілмек. Бекітілген кестеге сәйкес, ағымдағы жылдыӊ 26-30 шілдесі аралығында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Астана қаласында Жамбыл облысыныӊ мәдениет күндері өтеді деп жоспарлануда. Аталған керуен көрмеге екі мыӊ жылдан астам тарихы бар көне Тараздан тамаша тарту болмақ.

Шараға байланысты Басқарма тарапынан ұйымдастырылатын іс-шаралардыӊ жоспары мен бағдарламасыныӊ жобасы жасалып, бүгінгі таӊда жан-жақты дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Мәдениет және спорт министрлігі жанынан ЭКСПО-2017 көрмесіне байланысты құрылған Штабтыӊ кестесіне сәйкес, 26 шілде күні Жамбыл облысы ЭКСПО аумағындағы "Амфитеатрда" мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізеді. Яғни, осы күні облыс күндерініӊ ашылуын өткізу жоспарланып отыр. Онда түрлі форматтағы шаралармен қатар көрмелер, театрлардырылған көрініс және облыс өнерпаздарыныӊ концерттік бағдарламасы ұйымдастырылады.

Бағдарламаға сәйкес 5 күн бойы жоспарланған шаралар өз кезегімен өте береді (көрмелер, театр қойылымдары, концерттер). Оған алдын-ала Астана қаласыныӊ әкімдігі ұсынған қала аумағында орындар қарастырылған.

Ал, 28 шілде күні "Қазанат" қалалық ипподромыныӊ аумағында салынатын "Этноауылда" іс-шаралар ұйымдастыру Жамбыл облысына жүктелген. Ол жерде күні бойы шеберлер ауылы, шеберлердіӊ туындыларын сатуға арналған "Шығыс базары", концерттер, театрландырылған қойылымдар, ұлттық спорт ойындары және т.б. іс-шаралар ұйымдастырылады.

Соӊғы күні, яғни 30 шілдеде "Хан Шатыр" ойын-сауық орталығы жанындағы алаӊда Жамбыл облысы күндерініӊ жабылуына арналған облыс өнерпаздары мен Жамбыл өӊірінен шыққан белгілі эстрада жұлдыздарыныӊ қатысуымен гала концерт ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, халықаралық "ЕХРО-2017" көрмесіне әлемніӊ әр түкпірінен келетін қонақтарға "Ұлы Жібек жолы" бойындағы сауда, мәдениет, өркениеттіӊ рухани орталығы болған Ежелгі Тараздыӊ тарихымен таныстыру мақсатында "Ұлы Жібек жолы. Көне Тараздан асқақ Астанаға тарту" атты керуен ұйымдастырылады,- деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны