06.11.2019, 16:33 5539

Жамбыл облыстық полицейлері жасырынуға әрекет жасаған жүргізушіні ұстады

Алайда, жүргізуші полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, дауыс зорайтқышпен табельдік қаруды қолдану мүмкіндігі туралы ескертуді елемей, "Жігер" тұрғын үй массиві бағытына қарай кетіп жасырынуға әрекет жасаған.

Нұр-Сұлтан. 6 қараша. Kazakhstan Today - Жамбыл облыстық полицейлері табельдік қаруды қолданып, жасырынуға әрекет жасаған жүргізушіні ұстады.

Ағымдағы жылдың 28 қазанында шамамен сағат 2:15-те Тараз қаласының ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімі патрульдік полиция батальонының "Қайнар-7" экипажының қызметкерлері патрульдеу барысында Мирзоян көшесіндегі №5 үйдің жанында маневрлеу ережесін бұзғаны үшін облыс орталығының 38 жастағы тұрғынының басқаруындағы "Тойота Камри-40" автокөлігі тоқтатты. Алайда, жүргізуші полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, дауыс зорайтқышпен табельдік қаруды қолдану мүмкіндігі туралы ескертуді елемей, "Жігер" тұрғын үй массиві бағытына қарай кетіп жасырынуға әрекет жасаған.

Қошанов көшесіндегі үйлердің біріне тоқтаған соң, жүргізуші автокөліктен шығудан бас тартып, тағы да қашып кетуге талпынған. Салдарынан полиция қызметкерлері көлік құралын тоқтату мақсатында табельдік қаруды қолдануға мәжбүр болды. Ауаға- алғашқы ескерту оғы , қалғандары көлік дөңгелектері бойынша атылды.

Бұдан кейін жүргізуші тұрғылықты жері бойынша ұсталды. Куәландыру актісіне сәйкес, ол жеңіл дәрежедегі алкогольдік мас күйінде болған.

ҚР ӘҚБтК 595-бабының 1-бөлігі (маневр жасау ережелерін бұзу), 608-бабының 1-бөлігі (жүргізушінің мас күйінде көлік құралын басқаруы) және 613-бабының 1-бөлігі (полиция қызметкерінің талабын орындамау) талаптарын бұзу бойынша хаттамалар толтырылды.

Қазіргі таңда көлік құралы арнайы тұраққа қойылды. Осы дерекке қатысты тиісті сараптамалар тағайындалды, деп хабарлайды Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны