05.02.2020, 19:13 9435

Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік басқармасының басшысы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді

Ағымдағы жылдың 1 ақпанында күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді.

Алматы. 5 ақпан. Kazakhstan Today - Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік басқармасының басшысы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

Жамбыл облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен "Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Ол көрсетілмеген қызмет үшін жеке кәсіпкерлік арқылы жүйелі түрде қаржыны аударып, кейін оны қолма-қол ақшаға ауыстыру арқылы, сондай-ақ іс жүзінде жұмыс істемеген тұлғаға жалақыны заңсыз есептеу және төлеу арқылы бюджет қаражатын жымқырды деп күдікке ілінді.

Ағымдағы жылдың 1 ақпанында күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді.

Күдіктінің кінәлілік дәрежесін анықтайтын түпкілікті шешімді сот қабылдайды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны