09.04.2020, 14:46 8284

Жамбыл облысы Меркі аудандық орталық ауруханасының басшылығы тарапынан жол берілген құқық бұзушылық фактілер расталды

Осыған байланысты аудандық аурухананың бас дәрігерінің міндетін атқарушы Данияр Үсіпбеков пен денсаулық сақтау саласына жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасары Марат Қасым партиялық жауапкершілікке тартылды.

Алматы. 9 сәуір. Kazakhstan Today - Әлеуметтік желілердегі өтініштерге мониторинг жүргізу барысында келесі жәйттар анықталды. Дәрігер-инфекционист Толқынай Ордабаева өзінің жеке паракшасында Жамбыл облысы Меркі аудандық орталық ауруханасының басшылығы тарапынан жол берілген құқық бұзушылықтар туралы пост жазды.

Осы бойынша Партиялық бақылау комиссиясы тарапынан партиялық тексеру жүргізіліп, нәтижесінде көрсетілген фактілер расталды. Меркі аудандық орталық ауруханасының әкімшілігі медициналық қызметкерге олардың лауазымдық міндеттеріне кірмесе де, өздеріне маска тігуге мәжбүрлеген. Сондай-ақ жұмыста маскалар мен қорғаныс құралдары берілмейді.

Осыған байланысты аудандық аурухананың бас дәрігерінің міндетін атқарушы Данияр Үсіпбеков пен денсаулық сақтау саласына жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасары Марат Қасым партиялық жауапкершілікке тартылды.

Аудан және облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылығына алдағы уақытта осындай құқық бұзушылықтарға жол бермеу және өз міндеттерін тиісті деңгейде орындау керектігі туралы ескертілді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны