Система Orphus

Жамбыл облысында 1,2 миллионнан астам шығын келтірген ұрлық дерегі дер кезінде ашылды

05.03.2020, 23:10 8965

Алматы. 5 наурыз. Kazakhstan Today - Үйге ұрлыққа түскен азаматтар өз кінәсін мойындады.

Жамбыл облысында 1,2 миллионнан астам шығын келтірген ұрлық дерегі дер кезінде ашылды,-деп хабарлайды Polisia.kz. Жамбыл аудандық полиция бөліміне 67 жастағы Тараз қаласының тұрғынынан аталған ауданның Бектөбе ауылы Жаңа Жамбыл массивіндегі саяжайында ірі көлемдегі ұрлық дерегі орын алғаны туралы шағым түсті. Белгісіз біреулер пластикалық терезені бұзу арқылы үйге кіріп, бағалы мүліктері мен құрылыс материалдарын ұрлап кеткен. Келтірілген жалпы шығын көлемі 1 206 000 теңгені құрайды.

Полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде қылмысқа қатысы бар 25-33 жас аралығындағы төрт күдікті азамат ұсталды. Күдіктілер кінәсін толық мойындап, қамаққа алынды. Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі 2 және 3-тармақтарымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жамбыл облысы Полиция департаменті тұрғындарға үйі мен мүліктеріне аса сақ болуды, қараусыз қалдырмауды, сондай-ақ жүйелі күзету қызметтерімен қамтамасыз ету қажеттілігін ескертеді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны