20.11.2019, 19:22 27893

Жамбыл облысында кісі өлімінің құпиясы 21 жылдан соң ашылды

Тергеу жұмыстарының барысында күдіктінің көрсетуімен үйінің ауласынан жерленген мәйіттің қалдықтары табылды.

Алматы. 20 қараша. Kazakhstan Today - 2019 жылдың 16 қарашасында Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы полиция бөлімі қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 21 жыл бұрынболған кісі өліміне кінәлі Мойынқұм ауылының 61 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды.

Күдікті өз түсініктемесінде аталған жағдайдың достарымен ішімдік ішіп, ерегісіп қалуы салдарынан болғанын мәлімдеді. Ерегіс кезінде күдікті "ИЖ" маркалы 12-ші калибрлі қарудан оқ атып, қарсыласы оқиға орнында қаза болады.

Тергеу жұмыстарының барысында күдіктінің көрсетуімен үйінің ауласынан жерленген мәйіттің қалдықтары табылды.

Одан бөлек, күдікті 2013 жылы ерікті түрде өткізу акциясында оқ атылған қаруды Мойынқұм ауданы ішкі істер бөліміне өткізгенін айтты. Өткізгені туралы мәлімет АЕК-на тіркелген.Сонымен қатар, ішімдік ішіп отырған көрші бөлмеден оқ дауысын естіген куәгер түсініктемесі бар.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлімімен (кісі өлімі) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды, деп хабарлайды Жамбыл облысы Полиция департаменті баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны