04.11.2019, 16:06 10542

Жамбыл облысының бірқатар лауазымды тұлғалары сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотталды

Аталған тұлғалар мемлекеттік қызметте лауазымды қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылды.

Нұр-Сұлтан. 4 қараша. Kazakhstan Today - Жамбыл облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі алаяқтық жасады деген күдік бойынша Ақмола облысының Экономикалық тергеу қызметінің тергеушісі, 5-санатты біліктілік сыныбы (аға лейтенант) К.Е. Көбегеневке, 82796 ә/б 2-ші ауыр-гаубица артиллериясы дивизионының командирі майор Р.Х. Бастыбаевқа және азамат Б.К. Ағдавлетовке қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Олар осы әскери бөлімнің 8-ші ауыр-гаубица артиллериясы батареясының командирі капитан Б. Мұратұлынан бұрын келісілген 9 млн. 106 мың теңгенің 1 млн. 700 мың теңгесін алаяқтық жолмен, соңғысына қатысты тергелетін қылмыстық іс бойынша мәселені оң шешуге жәрдем көрсету желеуімен алған деген күдікке ілінген болатын.

Бұл ретте азамат Ағдавлетовтың қылмыстық іс-әрекеттері оның өз бетінше билік өкілі (прокуратура органдарының қызметкері) атын жамылуымен ұштасқан.

Ағымдағы жылдың 30 қазанында Алматы гарнизоны әскери сотының үкімімен Көбегенов 7 жылға бас бостандығынан және біліктілік сыныбынан айырылды.

Осы үкіммен Бастыбаев "майор" әскери атағынан айырып, оны 5 жылға бас бостандығын шектеді және Ағдавлетовке 4,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Аталған тұлғалар мемлекеттік қызметте лауазымды қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны