14.11.2019, 16:32 12340

Жамбыл облысының Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Өнер мектебінің директоры пара алған үшін сотталды

Ол азаматты жұмысқа орналастырғаны үшін 150 мың теңге көлемінде пара алды деп күдіктелген.

Алматы. 14 қараша. Kazakhstan Today - Жамбыл облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бұрын сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінген "Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің өнер мектебі" КМҚК директоры А.Иманбаевқа қатысты қылмыстық істі аяқтады.

Ол азаматты жұмысқа орналастырғаны үшін 150 мың теңге көлемінде пара алды деп күдіктелген.

Ағымдағы жылдың 8 қарашасында Шу аудандық сотының үкімімен Иманбаев пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, оған мемлекеттік қызметте белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына шектей отырып, 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны