27.04.2016, 09:32 4468

Жаӊа "Астана-Қостанай" жүрдек пойызы жолға шығады

"Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамы жолаушылардыӊ сұранысын қанағаттандыру мақсатында №91/92 "Астана-Қостанай" бағытында жүретін жаӊа "Тұлпар-Тальго" жүрдек пойызыныӊ жолға шығатынын хабарлайды

Астана. 27 сәуір. Kazakhstan Today - "Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамы жолаушылардыӊ сұранысын қанағаттандыру мақсатында №91/92 "Астана-Қостанай" бағытында жүретін жаӊа "Тұлпар-Тальго" жүрдек пойызыныӊ жолға шығатынын хабарлайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Пойыз 2016 жылдыӊ 2 мамырынан бастап күнара қатынайтын болады.

Жол бойында аялдайтын бекеттері: Атбасар, Жаксы, Есіл, Құсмұрұн, Тобыл, Железорудная. Пойыз таӊғы 09 сағат 15 минутта Астанадан, ал Қостанайдан кешкі 21 сағат 11 минутта аттанады. Жолда жүру уақыты Қостанайға дейін 09 сағат 15 минутты , ал Астанаға дейін 09 сағат 11 минутты құрайды.

"Тұлпар-Тальго" пойызы 27 вагоннан тұрады, оныӊ 2-уі "Гранд", 2-уі "Бизнес", 18-і "Турист" санатындағы вагондар, сондай-ақ 2 вагон-ресторан (вагон-бар) мен 3 техникалық вагон бар.

Қосыша ақпаратты темір жол вокзалдарыныӊ анықтамалықтарынан немесе 105 бірегей анықтама қызметінен алуға болады.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны