01.09.2015, 13:34 5021

Жаӊа оқу жылында мектептердегі алғашқы дәріс "Ерлік сабағы" болды

Бүгін, алғаш рет Қазақстан Республикасыныӊ барлық мектептері мен колледжерінде Қорғаныс министрлігі Білім министрлігімен бірлесіп "Ерлік сабақтарын" өткізді. Ол Қазақ хандығыныӊ 550 жылдығы мен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысыныӊ 70жылдығын мерекелеу шеӊберінде халықаралық Білім күніне орайластырылды

Астана. 1 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін, алғаш рет Қазақстан Республикасыныӊ барлық мектептері мен колледжерінде Қорғаныс министрлігі Білім министрлігімен бірлесіп "Ерлік сабақтарын" өткізді. Ол Қазақ хандығыныӊ 550 жылдығы мен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысыныӊ 70жылдығын мерекелеу шеӊберінде халықаралық Білім күніне орайластырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Искери-патриоттық тәрбиені кешенді жүргізіп, оны мектеп оқушылары арасында кеӊінен насихаттау және жас ұрпақтыӊ бойына сіӊіру бүгінгі күнніӊ талабы болып отыр. Осы орайда, "Ерлік сабақтарын" сапалы ұйымдастыру үшін әдістемелік кешені әзірленді" - деді ҚР қорғаныс министрініӊ орынбасары генерал-майор Талғат Мұхтаров. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Республикамыздыӊ мектептері мен колледждерінде "Ерлік сабақтарын" өткізу үшін ҚР Қарулы Күштерінен барлығы 1 300-ден аса әскери қызметші қатысқанын атап өткен жөн. Сабақтарды өткізуге ҚР ҚК генералдары, офицерлері мен сержанттары, ҚР ҚК ИТК бас қолбасшысы, ҚР ҚК түрлерініӊ бас қолбасшыларыныӊ орынбасарлары, өӊірлік қолбасшылықтар мен әскер түрлерініӊ қолбасшылары, сондай-ақ әскери бөлім командирлері қатысты. Акция Қазақстанныӊ барлық өӊірлерін қамтыды.

Одан басқа, алғашқы қоӊырау С. Нұрмағамбетов атындағы "Жас ұлан" республикалық әскери мектебініӊ тәрбиеленушілері үшін де соғылды. Осы оқу жылында мектеп 82 оқушыны қабылдады. Осы жылдыӊ жаӊалығы бұдан бұрын жасөспірімдер 7 сыныптан бастап қабылданса, енді жаӊа ережеге сәйкес "Жас ұланға" жалпы білім беру мектебініӊ 9 сыныбын бітірген және негізгі орта білім туралы куәлік алған бозбалалар түсе алады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны