11.09.2007, 14:56 2971

Жаңа парламент фото-бейне түсірілімдерге тыйым салу арқылы сөз бостандығына шектеу қояды - ҚР журналистер одағының басшысы

Жаңа парламент фото-бейне түсірілімдерге тыйым салу арқылы сөз бостандығына шектеу қояды. Мұндай пікірін баспасөз мәслихатында Қазақстан Республикасының журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев мәлім етті.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 11- қыркүйек. АСТАНА. Жаңа парламент фото-бейне түсірілімдерге тыйым салу арқылы сөз бостандығына шектеу қояды. Мұндай пікірін баспасөз мәслихатында Қазақстан Республикасының журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев мәлім етті, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.

"Менің пайымдауымша, жаңа парламент қазақстандық журналистиканың дамуында тежегіш болып отыр. Егер өткен жылы олар демократиялық реформаға тежегіш болса, осы жолғы фото-бейне түсірілідерге тыйым салу - құқық пен бостандықты шектеп отырғандығы сөзсіз",- деп мәлім етті С. Матаев. "Осындай бап та бар, сол себепті ойлана келе парламентті шығын келтіргені үшін сотқа беруге болады", деп қосты ол.

Естеріңізге сала кетейік, бұрынырақ мәжіліс спикері Аслан Мусин, фото-бейне түсірілімдерге тыйым салу туралы шешімді өткен шақырылымдағы депутаттардың қабылдағандығын мәлім еткен болатын. "Жаңа парламент жауапкершілікті өзіне алғысы келмей отыр, олар парламент шешім қабылдады дейді, бірақ бұл екі ай бұрын болған. Және де менің пайымдауымша, олар мұның күшін жоя алады және жоюға тиіс",- деп санайды Журналистер одағының төрағасы.

"Ирине, депутаттар өздерін ұйықтап отырғанда, газет оқып отырғанда немесе мұрнын шұқып отырғанда түсіргендерін жақсы көрмейді. Сондықтан да, олар алдын ала келісіп алған, деп ойлаймын", -деп атап өтті С. Матаев. Ол сондай-ақ егер "баспасөз залға жіберілмесе, онда парламенттің жұмысы туралы қалай айтуға болады", деп атап өтті.

"Иділ сөз" қорының президенті Тамара Калеева өз кезегінде, "парламенттегі, мәжілістегі ахуалдың бір қаупі сонда, қазір бұл жоғарыдан төменге қарай тізбекті реакция сипатына көшіп, журналистерді мәслихат залына да, әкімшіліктер залына да кіргізбейтін болады",- деп атап өтті.

Бұрын хабарлағанымыздай, төртінші шақырымдағы парламент мәжілісінің бірінші жалпы отырысында мәжіліс аппаратының қызметкерлері басшылардың шешімі деп түсіндіре отырып, отырыс залына телетүсірушілер мен мен фототілшілерді кіргізуден бас тартқан болатын. Мәжілістің баспасөз қызметіндегілер "түсірушілер тек мәжіліс үйінің фойесінде ғана сұхбат алып, бейнетаспаға түсіре алатындығын" түсіндірген. Отырыс кезіндегі депутаттардың сөзін тек конференц-залда орналасқан бейнемагнитофондардың көмегімен ғана жазуға болады". Мәжіліс отырысынан кейін журналистердің өтініші бойынша палата спикері Аслан Мусин аталмыш шешімге түсініктеме берді. "Шешім өткен шақырымдағы депутаттардың бастамасымен қабылданған",- деді ол. "Бұл депутаттардың пікірі болған, маған хабарлауларынша, бұл мәселе бірнеше рет көтерілген... сондықтан да бұл депутаттардың қабылдаған шешімі. Мен бұл ұстаныммен келісемін немесе келіспеймін деп айта алмаймын, бірақ мен өзімнің әріптестерім қабылдаған шешімді сыйлаймын",- деп қосқан болатын А. Мусин.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны