Система Orphus

Жаӊа теміржол вокзалы аумағыныӊ даму тұжырымдамасы бекітілді

26.06.2015, 11:29 1443

Астана. 26 Маусым. Kazakhstan Today - Елордада ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында тәулігіне 12 мыӊ жолаушы өткізетін жаӊа теміржол вокзалы ашылады. Бұрын хабарланғандай, көрме кезінде вокзал күн сайын 35 мыӊ жолаушы қабылдай алатын болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Астана қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасыныӊ хабарлауынша, қала құрылысы кеӊесінде"Мыӊжылдық" саябағыныӊ маӊайында орналасқан жаӊа теміржол вокзалы аумағыныӊ даму тұжырымдамасы қаралып, бекітілді, деп хабарлайды astana.gov.kz тілшісі.

Бұл өз құрамында тұрғын үй кешендерін, бизнес-орталықтарын, қонақ үйлерді, мектепке дейінгі және мектеп ұйымдарын, басқа да әлеуметтік-мәдени объектілері орналасқан елорданыӊ көп функционалды және перспективті ауданы.

Жобаға сәйкес, коммерциялық ғимараттардыӊ ауданы 656 032 шаршы метрді құрайды. Бизнес-орталықтар 507660 шаршы метр аумақты алса, қонақ үйлер, апартаменттер 304 375 шаршы метр аумақта орналасады. Ал, тұрмыстық қызмет үшін 126 000 шаршы метр аумақ бөлінген.

Елорданыӊ жаӊа теміржол вокзалы 2017 жылы іске қосылады және барлық бағыттар (Тобыл, Көкшетау, Карағанды, Павлодар) бойынша өткізу қабілетін қамтамасыз етеді.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны