08.02.2007, 13:25 2776

Жаңа төтенше жағдайлар вице-министрі тағайындалды

АСТАНА. 8-ақпан. Kazakhstan Today. Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен төтенше жағдайлар вице-министрінің лауазымына Абылай Сабдалин тағайындалды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, кеше ұжымға жаңа вице-министрді Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Виктор Храпунов таныстырды. Ол А. Сабдалинға Қазақстан Республикасының ТЖ мемлекеттік жүйесін дамытуда баянды жұмыс пен жетістіктер тіледі.

А. Сабдалин вице-министр лауазымына тағайындалғанға дейін Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік аппаратында қызмет атқарған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны