15.02.2010, 15:43 3275

Жаңа Зеландия жағалауларында 28 кит саязға шығып, қырылды

Жаңа Зеландия жағалауларында 28 кит саязға шығып, қырылды

Алматы. 15 ақпан. Kazakhstan Today - Жаңа Зеландияның Стюарт аралының жағалауларында 28 кит саяз судан шығып қалуға байланысты қырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today "Вести.Ru".

Жергілікті билік оларды құтқарып қалуға қолдан келгеннің бәрін жасағанымен, қатты жел мен дауыл бағдарынан айрылған жәндіктерге көмек көрсетуге кедергі келтірді. Қуатынан айрылған киттерді қинамау үшін оларды ұйықтатып өлтіруге шешім қабылданды.

Сыртқы пішіндері дельфинге ұқсас гринда киттері аса момақан болып келеді. Олардың ұзындығы алты метрге жетеді, салмағы үш тоннаға жуық. Алайда, оларды жағалауға шығып өлуге итермелейтін себеп ғалымдар үшін әлі де құпия күйінде қалып отыр.

Стюарт аралы әдетте киттер жаппай өздерін-өздері өлтіретін жер ретінде танымал. 2003 жылы бұл жерде осындай 160 кит қырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны