28.12.2013, 19:58 3640

Жаңа жыл қарсаңында Семейде "Жан жылуы" атты жәрмеңке өткізілді

Жәрмеңке барысында қаланың қолөнер шеберлері мен мүмкіндігі шектеулі шеберлердің туындылары жұртқа көрмеге және сатылымға ұсынылды.

Алматы. 28 желтоқсан. Kazakhstan today. Семей қалалық "Нұр Отан" партиясы филиалының "Жас Отан" жастар қанаты қалалық мәдениет сарайында "Жан жылуы" атты жаңа жылдық жәрменкені өткізді. Іс-шараға Семей қалалық "Нұр Отан" партиясы филиалы мен қалалық ішкі саясат бөлімі қолдау көрсетті, деп хабарлайды бөлім.

Жәрмеңке барысында қаланың қолөнер шеберлері мен мүмкіндігі шектеулі шеберлердің туындылары жұртқа көрмеге және сатылымға ұсынылды.

Ұйымдастырушылардың сөзіне сүйенсек, жәрмеңкенің мақсаты жастар арасындағы қол өнер шеберлігіне деген қызығушылықты арттыру, жәрмеңкеге келген қала тұрғындарына ұлттық өнерді кеңінен насихаттау болды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны