16.09.2011, 13:00 4117

Жаңадан енгізілетн технология Пустынное кен орнынан шығарылатын алтын көлемін 3 тоннаға дейін өсіруге мүмкіндік береді

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Пустынное алтын кен орнында құны $180 млн болатын инновациялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр, бұл жылына 3 тонна алтын өндіруге мүмкіндік береді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Қарағанды. 16-қыркүйек. Kazakhstan Today - Жаңадан енгізілетн технология Пустынное кен орнынан шығарылатын алтын көлемін 3 тоннаға дейін өсіруге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазТаг ақпараттық агенттігінің хабарлаынша, Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Пустынное алтын кен орнында құны $180 млн болатын инновациялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр, бұл жылына 3 тонна алтын өндіруге мүмкіндік береді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

"Алтын Алмас АК" АҚ "Пустынное" тау-кен-металлургия кәсіпорнын қайта жөндеу және кеңейту" инновациялық жобасы облыс әкімдігінде аймақ басшысы Серік Ахметовтың төрағалығымен өткен кеңесте таныстырылды. Жобаның жалпы бюджеті $180 млн құрайды, ал оны жүзеге асыру Доре құймаларымен жылына 3 тонна алтын өндіруге және 500-ден аса жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді", - делінген облыс әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Компанияның ақпаратына сәйкес, алтын айыруды 88%-ға дейін арттыруға мүмкіндік беретін жаңа технология енгізу көзделген. "Ақтоғай ауданында Балқаштан 120 км қашықтықта орналасқан Пустынное кен орындарының тобын жүйелі барлау 1960 жылы басталды. 1998 жылы кен орнының оксид кендерін алтынды айыру үшін шоғырлы сілтілеу әдісімен игеру қолға алынды. Алайда таңдалған технологияға байланысты кен орнының әлеуеті толығымен жүзеге асырылған жоқ", - деп еске салды "Алтын Алмас" компаниясыны ңпрезиденті Дияр Қанашев.

Оның айтуынша, бұл жобаны жүзеге асыру кезінде Қазақстанда алғаш рет "құрғақ қалдық" экологиялық таза технология қолданылады. Тау жұмыстары ашық карьерде жүргізіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны