24.10.2006, 13:41 3206

Жаңадан тағайындалған саяси мемлекеттік қызметкерлер Қазақстан халқы мен президентіне ант берді

АСТАНА. 26-қазан. Kazakhstan Today. Еліміздегі бірқатар лауазымды қызметтерге жаңадан тағайындалған саяси мемлекеттік қызметкерлер бүгін Ақордада салтанатты түрде ант берді, - деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Атап айтқанда, денсаулық сақтау министрі Анатолий Дерновой, көлік және коммуникация министрі Серік Ахметов, экономика және бюджетті жоспарлау министрі Аслан Мусин, қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов, Астана қаласының әкімі Асқар Мамин, Атырау қаласының әкімі Бергей Рысқалиев, Алматыдағы аймақтық қаржылық орталығының қызметін реттеу агенттігінің төрағасы Еркін Арыстанов пен президент күзетінің бастығы Мұхтар Аюбаев Қазақстанның халқы мен президентінің алдында ант берді.

Мемлекет басшысы : "қазір алдымызда 50 дамыған елдің қатарына кіру мақсаты тұр және осы бір күрделі жолда мен сендерге сенемін" деп атап көрсетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны